Шымкентте 10 жасар жеткіншек қыз газдан уланып, көз жұмды. Ал оның 14 жасар әпкесі аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
Газдың иісі колонкадан шыққан деген тұжырым жасалуда. Жеткіншектердің ата-анасы басқа бөлмелерде болған. Жыл басынан бері облыста иіс газынан уланудың 100-ге жуық дерегі тіркелген. 40 оқиға қайғылы аяқталған.