Әкімдік мамандары жалғызбасты қарияға көмектесті

171
Қария жаңа батареясындағы жылуды тексеруде

Суыққа тоңған қарияға аудан басшылары қол ұшын созды. Оның пәтеріндегі жылу құбырлары толығымен жаңасына алмастырылды. Өткен аптада жасы 80-ге жақындағын қарт ана қыстың аязында тоңып, жыларман халге жеткен болатын.

Қария жаңа батареясындағы жылуды тексеруде
Қария жаңа батареясындағы жылуды тексеруде

Осыдан кейін Республика даңғылы бойындағы №16 үйдің 11-пәтеріне сапалы жылу беру үшін Абай ауданының басшылары бір подъездің тік кұбырын толық алмастыру жұмыстарын жүргізді.

Осы арада айта кететін жайт — көпқабатты үйдегі пәтерлер жеке азаматтың мүлкі болып табылатындықтан, ондағы жылу жүйелерін күтіп ұстау да сол пәтер иелерінің міндеті. Бұл мәселе «Тұрғын үй қатынастары заңында» анық жазылған дейді мамандар. Әйтсе де билік басындағылар бұл жолы қыста тоңған қарияның жалғызбастылығын ескеріп, қол ұшын созған.