Балық бағасы бір жылдан бері тұрақты тұрған көрінеді

 Бүгінде қала базарларында балықтың саудадағы бәсі қызып тұр. Оның басты себебі – су жәндігінің жылдан-жылға азайып бара жатқаны. Ресми деректерге сүйенсек, Кеңес одағы кезінде Қазақстанда жылына 100 мың тоннадан аса балық ауланған екен. Оның 70-80 пайызы Каспий теңізінен өндірілетін болған. Ал қазіргі уақытта бір жылда ауланатын балықтың көлемі бірнеше есеге азайған дейді мамандар.

Балық бағасы бір жылдан бері тұрақты тұрған көрінеді
Балық бағасы бір жылдан бері тұрақты

 Балықты тірідей де, қуырып та сататын орындарды шымкенттіктер жақсы біледі. Сауда орындарына аптасына екі рет тонналап балық әкелінеді. Оның басым бөлігі Каспиден ауланған.

 Ержан Кенжебеков, балық тасушы: «Атыраудан келген балық арзан болады. Келісі 300-350 теңгеден болады. Ал Шардараның балығы қымбат әрі дәмді болады. Бірақ, Шардарада су көп емес қой. Ал Атырауда Каспий теңізі бар дегендей.»

Шардараның балығына сұраныс басым
Шардараның балығына сұраныс басым

 Балық саудасын қыздырып тұрған – дәл осы Шардараның сазаны. Сұраныс тым көп, соған сай бағасы да қымбат. Бірақ жеткізілуі – нашар. Себебі – Шардарада балық жоқтың қасы.

 Махаббат Сайымова, тұтынушы: «Шардараның балығы дәмді. Денсаулыққа да пайдалы. Бағасына қарап алатын болсаң, нашар балық алуың мүмкін. Жақсы балық әрқашанда қымбаттау болады.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=UcRBa7WCSG8[/youtube]

 Мамандардың айтуынша, әр адам жылына 14 келі балық жеуі тиіс екен. Ал қазіргі таңда базардағы баға үйдегі тәбетке тұсау салып тұрғанын ешкім жоққа шығармайды.