150 келідей заңсыз ауланған балық тәркіленді

44

Түркістан облысында 2023 жылдың 05 сәуірінен 30 мамыр аралығында «Уылдырық» жедел-профилактикалық алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Осы шараны іске асыруда Түркістан облысы полицейлерінен арнайы топ құрылды.

Кезекті рейд кезінде полицейлер мен «Охотзоопром» инспекторлары бірлесіп заңсыз балық аулау фактісін анықтады. Оқиға орнынан жалпы 150 келідей сазан балықтары, 1 дана үрмелі резеңке қайығы, 2 дана шанышқы құралы айғақты зат ретінде тәркіленіп алынды.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 335-бабы 3 бөлігі «Балық, ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу» бойынша тіркелді.
Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тарапынан бұл бағыттағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу, болдырмау мақсатында іс-шаралар жалғаса бермек.