Дәстүрлі шырша мерекесі басталды

Шырша мерекесінде әде айтылды, би де биленді
Шырша мерекесінде әде айтылды, би де биленді

Аудан әкімдерінің шырша мерекесі басталды. Әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасы балалары үшін таяуда Еңбекші және Әл Фараби ауданы әкімдерінің жаңа жылдық шыршасы өтті. Екі сағат бойына балалар түрлі ойын-сауық бағдарламасы мен ертегі қойылымдарын тамашалап, өздері де өнер көрсетті.

Шырша мерекесінде әде айтылды, би де биленді
Шырша мерекесінде ән де айтылды, би де биленді

Таңғажайыпқа толы Еңбекші ауданы әкімінің шырша мерекесіне биыл 300 аз қамтылған отбасы және көп балалы жанұяның балалары жиналды. Олар үшін сахналық қойылымдар қойылып, баларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.

Ғалым Ильясов, Еңбекші ауданының әкімі: «Жаңа жыл мерекесімен барша қала тұрғындарын құттықтаймын. Өткен жыл өз ерекшеліктерімен есте қалды. Еліміздің алға қарай ілгерілеу жолында талай іс атқарылды. Келер жылдан да күтеріміз мол. Сол ойдағы армандар жүзеге аса берсін деп баршаға тілек білдіргім келеді.»

Ал Әл Фараби ауданының әкімі сиқырлы таяқшасымен шырша шамын жағып, жаңа жылдың лебін келтірді. Аудан әкімінің дәстүрлі шырша мерекесіне биыл 200 әлеуеті төмен отбасы балалары арнайы шақырылыпты. Жаңа жылдың жаршысы Аяз ата мен қарша қыз бүлдіршіндердің өнерін тамашалап, қосыла жаңа жыл әнін шырқады.

Шырша соңында балалар жаңажылдық сыйлықтарға ие болды. Әттеген айы, жасөспірімдер мен балалар орталығында әрбір сағат санаулы. Екі сағат екі ауданға берілсе, әлі кезекте өзгеде мемлекеттік мекемелер бар. Олардың барлығы да мерекелік шара ұйымдастырып үлгеруі тиіс.