Арнайы жеңілдікпен берілетін кейбір дәрілер дәріханаларда жоқ. Соның кесірінен жаңа жыл қарсаңында дәрісіз қалдық деген оқырмандарымыз редакцияға көптеп қоңырау шалып жатыр. Мәселенің мән-жайын білмек болып, оқырмандарымыздың аманатын арқалап, ОҚО Денсаулық сақтау басқармасына жол тарттық.
– 2013 жылдың 1-қаңтарынан 2014 жылдың 1-қаңтарына дейін облыс бойынша диспансерлік есепте тұрған амбулаториялық емделушілерді тегін дәрімен қамтамасыз ету мақсатында мемлекет қазынасынан 817 млн теңге, облыстық бюджеттен 4 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген, – дейді мәселені байыппен түсіндірген ОҚО Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Ғалымжан Әбіш (суретте). – Бұл ақшаға дәрінің 504 түрі сатып алынған. Бүгінгі таңда тегін берілетін дәрмектердің барлығы диспансерлік есепте тұратын адамдарға беріледі. Соған қарамастан арнайы рецептімен берілетін дәріні іздейтіндер жеткілікті. Біздің басқармаға аптасына 2-3 адам дәрі тапшылығын айтып, хабарласып жатады. Мұндай жағдайда біз мәселенің мән-жайын анықтауға тырысамыз. Кейде мұндай келеңсіз жәйтке техникалық ахау себеп болады. Мәселен, учаскелік дәрігер науқасқа рецептіні параққа жазады да, соның көшірмесін интернет арқылы дәріханаға жібереді. Осындай кезде, интернет байланысы болмай немесе компьютерлік база жаңартылмай қалуы мүмкін. Кейде адами факторға байланысты дәрі-дәрмек науқастың қолына дер кезінде тимей жатады. Яғни, дәріхананың қоймасына дәрі таситын автокөлік жолда бұзылып қалуы мүмкін және т.б. Енді бірде қоймада шын мәнінде де дәрі таусылып қалады. Мұндайда құзырлы мекеме қызметкерлері науқасқа қажет дәріні немесе оны ауыстыратын басқа препаратты тауып беруге тырысады. Бірақ, бұл ілуде бір болатын құбылыс. Кейбір азаматтар мұны түсінгісі келмейді. Сөйтіп, осындай келеңсіз жәйттердің соңы үлкен дауға айналып жататыны бар. Осы ретте, айта кетейін, науқастың қолындағы рецепт 10 күнге дейін өз күшін жоймайды. Сондықтан да, осы уақыт аралығында науқас дәріханаға барып, өзіне тиесілі препаратты талап етуге құқылы.
Шымкентте «Зерде» және «Europharma» дәріханалары рецепт бойынша тегін дәрі босатады.
2013 жылы науқастарды тегін дәрімен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен – 817 млн, облыс қазынасынан – 4 млрд 294 млн теңге бөлінді.
2014 жылы науқастарды тегін дәрімен қамтамасыз ету үшін мемлекет қазынасынан – 812 млн, облыстан – 4 млрд 396 млн теңге қарастырылды.
Мамандардың сөзінше, 1-ші қаңтардан бастап белгілі бір уақытқа дейін (мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы шыққанша) барлық препараттар бір көзден сатып алу тәсілімен босатылады екен. Осылайша, жаңа дәрілер сатып алынғанша, Оңтүстікте дәріге деген тапшылықты болдырмаймыз, деп сендіреді олар. Ал, 2014 жылы науқастарды дәрімен қамтамасыз еті үшін мемлекеттік тарнсферттен 812 млн теңге, облыс қазынасынан 4 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініпті. Бұл ақшаға дәрінің 525 түрі сатылып алынбақ.
Айжан ЕРМЕКҚЫЗЫ
Дәрісі тегін берілетін ауру түрлері
1) онкологиялық аурулар;
2) гематологиялық аурулар (темір тапшылықты анемиядан басқа);
3) психикалық аурулар;
4) эпилепсия;
5) туберкулез;
6) қант диабеті және қантсыз диабет;
7) мерез;
8) ЖҚТБ, АҚТҚ жұқтырған адамдар;
9) бруцеллездің ауыр түрі;
10) жүйелі (жіті) қызыл жегі;
11) жүйелі, созылмалы, ауыр тері аурулары;
12) бронх демікпесі;
13) Бехтерев ауруы;
14) Аддисонов ауруы;
15) Гипофизар ергежейлілігі;
16) жыныстық ерте даму;
17) фенилкетонурия;
18) муковисцидоз;
19) балалар церебральды сал ауруы;
20) Паркинсон ауруы;
21) бұлшық ет әлсіздігі;
22) ет дерттері;
23) Мари мишық қимыл үйлесімсіздігі;
24) Жіті ауыспалы порфирия;
25) Миокард инфаркті (алғашқы 6 ай);
26) балалар гемофилиясымен есепте тұрғандарға босатылады.
Сондай-ақ,
– бір жасқа дейінгі балаларға,
– ерте жастан жасанды немесе қоспалармен қоректендіретін бір жасқа дейінгі балаларға;
– медициналық айғақтар бойынша шипалы тағамға мұқтаж үш жасқа дейінгі сәбилерге дәрі-дәрмек пен арнаулы балалар тағамы тегін беріледі.
Ишемиялық жүрек ауруымен диспансерлік есепте тұрған азаматтарға рецептімен босатылатын тегін дәрілер тізімі:
– Амлодипин, 10 мг №30
– Амлотоп 10мг №30
– Амлодипин, 5 мг №30
– Амлотоп 5мг №30
– Бисопролол, 10 мг №30
– Коронал 10мг №30
– Бисопролол, 2,5 мг №30
– Конкор Кор 2,5 мг №30
– Бисопролол, 5 мг №30
– Коронал 5мг №30
– Валсартан + Амлодипин, 10 мг/160 мг №14
– Эксфорж, 10мг/160мг №14
– Валсартан + Амлодипин, 5мг/160 мг №28
– Эксфорж, 5мг/160мг №28
– Валсартан + Гидрохлортиазид 80 мг/12,5 №28
– Вазар H, 80мг/12,5мг №30
– Индапамид, 1,5 мг №30
– Индапамид 1,5мг №30
– Индапамид, 2,5 мг №30
– Индап, 2,5 мг №30
– Кандесартан, 16 мг №30
– Онсарт, 16мг №28/№30
– Кандесартан, 8 мг №30
– Кандесар, 8 мг №30
– Карведилол, 12,5 мг №30
– Карвидил 12,5 мг №28/№30
– Карведилол, 25 мг №28
– Карвидил 25мг №28
– Карведилол, 6,25 мг №30
– Карвидил 6,25мг №28/№30
– Лизиноприл + Амлодипин, 10+5 мг №30
– Экватор, 10+5мг №30
– Лизиноприл, 10 мг №28
– Лизиноприл-ратиофарм 10мг №30/№28
– Лизиноприл, 20 мг №28
– Лизиноприл-ратиофарм 20мг №30/№28
– Лизиноприл, 5 мг №28
– Листрил 5 мг №28
– Лозартан калия + гидрохлортиазид, №28
– Лозап плюс 50/125мг №30
– Лозартан, 100 мг №28
– Лориста 100мг №28
– Лозартан, 50 мг№28
– Лориста 50мг №28
– Метопролол, 100 мг №60
– Эгилок, 100мг №60
– Метопролол, 50 мг №50
– Корвитол®, 50мг №50
– Моксонидин, 0,2 мг №14
– Физиотенз 0,2 мг №14
– Моксонидин, 0,4 мг №14
– Физиотенз, 0,4мг №14
– Нифедипин, 10 мг №50
– Кордафен, 10 мг №50
– Нифедипин, 20 мг №30
– Кордипин, 20мг №30
– Нифедипин, 30 мг №30
– Нифекард, 30мг №30
– Нифедипин, 60 мг №30
– Нифекард ХЛ 60 мг №30
– Периндоприл + Индапамид 2/0,625 №30
– Ко Пренесса 2/0,625 №30
– Периндоприл + Индапамид 4/1,25 №30
– Ко-Принесса 4мг №30
– Периндоприл + Индапамид 5/1,25 №30
– Нолипрел Форте Аргинин 5/1,25 №30
– Периндоприл, 10 мг №30
– Престариум 10 мг №30
– Периндоприл, 5 мг №30
– Престариум 5 мг №30
– Периндоприл, 8 мг №30
– Пренесса 8мг №30
– Телмисартан + Гидрохлортиазид, 80 мг+12,5 мг №28
– Микардис® Плюс (Телмисартан, гидрохлортиазид) 80мг/12,5мг №28
– Фозиноприл, 10 мг №28
– Фозиноприл Вива Фарм 10мг №28,
– Фозикард 10 мг №28
– Фозиноприл, 20 мг №28
– Фозикард 20мг №28
– Эналаприл + Нитрендипин, 10 мг/20 мг №30
– Энеас 10мг/20мг №30
– Эналаприл, 10 мг №30
– Берлиприл, 10мг№30
– Эналаприл, 2,5 мг №20