Қазақстанның аты аңызға айналған «Досмұқасан» ансамблінің құрылғанына — 46 жыл. Ән салып, халықтың көңілін көтеріп келе жатқанына жарты ғасырға жуық уақыт өткен ұжымның туындыларының кейбірі қазіргі уақытта ретро-әндерге де айналған. Осы күнге дейін ансамбль құрамы бірнеше рет ауысты. 1967 жылы бұрынғы Қазақ политехникалық институтының студенттерінен құрылған мүшелерінен қазіргі таңда барабаншы Александр Литвинов қана бар.
Таяуда Шымкентте құрылғанына 46 жыл толған «Досмұқасан» ансамблі «Мұра КЗ» журналының 5 жылдығымен бірлескен шығармашылық кеші өтті. Концерт Мұз сарайында ұйымдастырылды.