«Досмұқасан» ансамблі – Шымкентте

889

Қазақстанның аты аңызға айналған «Досмұқасан» ансамблінің құрылғанына – 46 жыл. Ән салып, халықтың көңілін көтеріп келе жатқанына жарты ғасырға жуық уақыт өткен ұжымның туындыларының кейбірі қазіргі уақытта ретро-әндерге де айналған. Осы күнге дейін ансамбль құрамы бірнеше рет ауысты. 1967 жылы бұрынғы Қазақ политехникалық институтының студенттерінен құрылған мүшелерінен қазіргі таңда барабаншы Александр Литвинов қана бар.

Таяуда Шымкентте құрылғанына 46 жыл толған «Досмұқасан» ансамблі «Мұра КЗ» журналының 5 жылдығымен бірлескен шығармашылық кеші өтті. Концерт Мұз сарайында ұйымдастырылды.

Концертке келгендер
Концерт жүргізушісі дайындық үстінде
Әншілер сахнаға шығып келе жатыр
Замандастары әншілерді қуанышпен қарсы алды

Жиналған көпшілік «Той жыры» әніне биледі
«Арман» тобы сахнаға шығуға дайындалып жатыр
Көрермен сүйікті әншілерін кез келген фотокамераға суркет түсіруге тырысты
Ақжол Мейірбеков халық арасына шығып кетті

Топтың гитарашасы – Александр Литвинов