Еркек зорлағандар сотталды

307
Айыпталушылар

Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында үш жігітке қатысты сот үкімі оқылды. Еске сала кетейік, шілде айында 25-26 жас аралығындағы Мақтаарал ауданының үш тұрғыны жабылып, еркек таныстарын зорлаған болатын. Бұл әрекеті жұртқа жария болмас үшін жәбірленушіні өлтіріп тастапты.

Айыпталушылар
Айыпталушылар

Марқұмның мәйіті Жетісай қаласының маңынан  табылған. Бірнеше күн өткен соң полиция қызметкерлері күдіктілерді құрықтады. Олардың екеуі жергілікті базарда жұмыс жасаған. Тергеу барысында анықталғаны, екі азамат қала ішінде қыдырып жүріп, өздерінің ескі танысын және оның досын кездестіреді. Ащы судан ұрттап алған азаматтар жаңа қосылған таныста 30 мың теңге бар екенін біліп, қала сыртына ертіп шыққан. Сол жерде оны тонап, қорлаған. Аса ауыр қылмыс болғанына байланысты бұл қылмыстық іс алқабилер қатысуымен қаралды. Соның қорытындысы бойынша екі сотталушы 20 жылға бас бостандығынан айрылса, ал бұрын сотты болмаған үшінші қылмыскер 18 жылға абақтыға жабылды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ikdGyrpw0JQ[/youtube]