Қоғам және әйел. Дәл осы тақырыпта облысымыздағы өзбек мәдени орталығы үлкен форум өткізіп, әйелдің қоғамдағы рөлін тағы бір талқылады. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен әйел бүгінгі таңда жұмысбасты болып, жан-жақтылыққа бет бұрған.
Соның нәтижесінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық деңгейі өсіп, отбасы тыныштығы мен берекесі де сақталуда. Мойындау керек, іскер әйелдер әр саланың қыр-сырын меңгеріп, тәжірибесін көпшілікпен бөлісіп-ақ отыр. Облысымыздағы ассамблея жаныннан құрылған әйелдер кеңесі әр ұлттың ұйытқысының басын қосып, қоғамдағы түйткілді мәселелерді талқылап қана қоймай, шешу жолдарын ұсынуды әдетке айналдырған. Айта өтейік, өңірімізде 20 мәдени орталық болса, соның әрқайсының жанынан әйелдер кеңесі құрылып, қарқынды жұмыс істеп келеді.
Иншаллай Омарова, Қарабұлақ ауылының тұрғыны: «Елбасына рахмет! Бәріміздің басымызды қосып, сен — өзбексің, сен — қазақсың, сен – орыссың деместен, ынтымағымыз жарасқан дегенге әкеп отыр. Елбасының арқасында еліміз тыныш. Қазақстан гүлденіп тұр.»