Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында чемпиондар анықталды

652
Мейрам қарсаңында әр бір сыйлық спортшылардың көңілін көтерді

Шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ. Спорттың бұл түрлерінен келесі жылы Қазақстан чемпионатында топты жару үшін Шымкенттің бапкерлері арнайы турнирлер өткізуде. Жуырда ғана мүмкіндігі шектеулі жандар арасында облыс біріншілігі өтті. Жарысқа шалғай аудандардан да жастар келді. Олардың арасында есту қабілетін нашар дамығандар мен тірек-қимыл жүйесі зақымдалған спортшылар бар.

Жеңімпаздар құнды сыйлықтармен арнайы Кубокпен мараппаталды
Жеңімпаздар құнды сыйлықтармен, арнайы Кубокпен мараппаталды

15 жасар Елизавета Тринкова Төле би ауданындағы балалар үйінен келіп отыр. Ол тірек-қимыл жүйесі зақымдалған жандар арасында тоғызқұмалақтан сынға түсуде. Лиза бүгін шеберлік танытып, жеті ұпайдың алтауын жеңіп алды. Айтуынша, өзінің басты мақсат та осы екен.

Мейрам қарсаңында әр бір сыйлық спортшылардың көңілін көтерді
Мейрам қарсаңында әр сыйлық спортшылардың көңілін көтерді

Шахматшылар арасынан да төлебилік интеллектуалдар үздік шықты. Құлағы нашар еститін спортшылардың ішінен Мухидин Таджиев чемпион атанды. Ол 8 партия өткізіп, соның бәрінде қарсыласынан басым түсті. Ал қыздар арасында Жансая Рахимова жеңіске жетті.

Интелектуалдар додасына облысымыздың барлық аудандарынан ортшылар келді
Интелектуалдар додасына облысымыздың барлық аудандарынан спортшылар келді

 Мухидин Таджиев, Жансая Рахимова, шахматтан жеңімпаздар: «Жарыс бізге қатты ұнады. Әрине, қарсылық білдіретіндей спортшылар аз болды. Содан болар, жеңіске жету аса қиын болмады. Қыздар арасында бәсекелестік болды. Дегенмен сәттілік менің жағымда болды деуге болады.»

Ендігі мақсат бұл жеткіншектерді Республикалық жарысқа жолдау
Ендігі мақсат — бұл жеткіншектерді республикалық жарысқа қатыстыру

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы облыс біріншілігінде Леңгір қаласының құлағы нашар еститін мектеп интернатының спортшылары басымдылық танытты. Командалық есепте екінші орыннан Төлеби ауданы Көксәйек ауылының балалары көрінсе, алғашқы үштікті зағип жандарға арналған қалалық «Үміт» мектеп-интернаты қорытындылады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болып, арнайы жайылған дастарханнан дәм татты.