«Дуадиаскоп» деп аталатын бұл құрылғы ендігі жерде өңеш, ішек жолдарының түрлі қатерлі ісігіне шалдыққан азаматтарды емдеу үшін қолданылатын болады. Негізгі қызметі — ас ішу мүмкіндігінен айрылғандарға көмек беру. Әсіресе, қылтамақ дертінің азабын көріп жүргендер үшін кәдімгідей демеу.

Қондырғыны орнатуға қаржы мемлекет есебінен қаралады. Яғни науқастар үшін тегін жүзеге асырылады.
Қондырғыны орнатуға қаржы мемлекет есебінен қаралады. Яғни науқастар үшін тегін жүзеге асырылады

Нүркен Жақыпов, ОКА диагностика бөлімінің эндоскопия дәрігері: «Үлкен жастағы апа-аталарымыз жүрек ақауына байланысты, басқа да себептермен, бұрын қабылдаған инсульттерден кейін нархоз қабылдау қиын болып қалады. Оларға хирургиялық ота жасау қиын болған жағдайда біз осы стенттерді қоямыз.»

Жаңа жабдықтың көмегімен бүгінге дейін 4 адамның ішкі құрылысына арнайы құрал орнатылған. Мәселен, Тәжиддин атайға да осы аппарат арқылы өт жолы тазаланыпты. Содан бері ас ішеді, тәбеті де жақсы.

Тажиддин Фарманқұлов: «Осы аппаратты қойғаннан кейін жақсы болып қалдым. Қазір асқа деген тәбетім де ашылды. Аллаға мың да бір шүкір!»

Дәрігерлердің айтуынша, бұл аппаратқа деген сұраныс жоғары. Себебі, Оңтүстік өңірі өңеш және ішектің қатерлі ісігі аурулары бойынша алдыңға орында келеді. Бұған дейін мұндай көмекшіге зар болып жүргендер Алматы мен Астанаға барып сабылатын еді. Бірақ бұл аппарат ауруды емдеу үшін емес, аурумен өмір сүруге бейімдеу үшін қажет.