Бүгін облыс мәслихатының депутаттары кезектен тыс 23-сессияға жиналды. Халық қалаулыларының талқылауындағы ең басты мәселе — жас мамандарды мемлекет тарапынан қолдау болатын. Сессияның нәтижесінде республикалық трансферттен түскен 120 миллион теңге жастарға баспана алуға жұмсалатын болды.
Нақты айтқанда, диплом алып, аудандарға жұмыс істеуге жолдамамен жіберілген 40 маманға несиелік баспана алуға жұмсалатын болып шешілді. Бұл мәселе күні кеше өткен тұрақты комиссиялардың отырысында талқыланып қойғандықтан, халық қалаулылары бірауыздан қолдады. Сөйтіп, бұл жолғы соңғы сессия бес минутта жұмысын аяқтап, биылғы жылдық ең қысқа сессиясы болып тарихта қалды.