Полиция қызметкері қылмыс жасаған

360
Барымташылардың бірі

Оңтүстікте жаға ұстатарлық оқиға анықталды. Полиция инспекторының барымташылармен сыбайлас болған әрекеті әшкере болып отыр. Бұған дейін кезекші бөлімге Ордабасы ауданының бірнеше тұрғыны шағымданған. Аудан аумағынан ұзын-саны 60 жылқы ұрланған. Жоғалған жылқыларды іздеу кезінде тәртіп сақшылары бұл қылмысқа қаруластарының қатысы барын анықтады.

Барымташылардың бірі
Барымташылардың бірі тергеуге бара жатыр

Тез арада барымташы топты құрықтау үшін тәжірибелі қызметкерлерден арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде сәтті жүргізілген іс-шара кезінде полиция қызметкерлері Ордабасы және Сайрам ауданының тұрғындарын құрықтады. Ұсталғандардың екеуі — ағайындылар. Тергеу барысында сезіктілердің бірі жылқыларды ұрлау әрекетіне полиция қызметкері көмектескенін айтып салған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=LZHsZqM_c9o[/youtube]

Анық болғаны — тәртіп сақшыларының абыройын айрандай төккен қызметкер Еңбекші полиция бөлімінің ювеналды полициясының аға лейтенанты болып шықты. Қазір осы бағытта тергеу амалдары жалғасуда. Айта кету керек, ұйымдасқан топтың әрекетінен халыққа келген шығынынң көлемі 15 миллион теңгеден асып кетеді.