«Ғажайыпқа толы Жаңа жыл». Бүгін облыстық цирк ғимаратында өткен Президент шыршасы осылай аталады. Жылда дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын шырша тойына жас балалар мен мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері, мүгедек және әлеуеті төмен отбасының балдырғандары қонаққа келіп, қатысты.
Ұзын-саны 200-ге жуық кішкентайлар ертегі әлемінің түрлі кейіпкерлерінің өнерін қызықтап, концерттік бағдарламаны тамашалады. Одан кейін балғындар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жаңа жылдық тілегін теледидар арқылы тыңдап, базарлық ретінде Президенттің бағалы сыйлықтарын алды. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов бастаған ересектер мерекеге қатысушылардың әрқайсысына тәтті үлестіріліп, «Үлкен балалар энциклопедиясы» кітабы мен планшеттерді сыйға тартты.