Түркістан облысында мақта зауыты салынады

18

Түркістан облысында мақта зауыты салынады. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қытайлық инвесторлармен кездесуінде айтылды. Мақта өсіру және терең өңдеу тоқыма фабрикасынның мүмкіндігі қандай болмақ?

Түркістан облысында мақта зауыты салынады. Және ең сапалы мақта тұқымын егу де жоспарда бар. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды қытайлық инвесторлармен келіссөз жүргізді. Келіссөз барысында «Peng Sheng Group» компаниясының өкілі 10 мың гектар мақта алқабына тамшылатып суғару технологиясын енгізуге дайын екенін жеткізді.

Сонг Шицзие, «Peng Sheng (Group) Co., Ltd» компаниясының өкіл: «7000 мың тонна мөлшеріндегі жұмысты бірігіп жасап болдық. Және 300 га мақта егу алқабының құрылысы да аяқталып қалды» 

Кездесуде мақта өсіру және терең өңдеу тоқыма фабрикасын салу мәселесі де талқыланды. Облыс әкімі бұл жобалар жүзеге асатын аймақ жауаптыларына инвесторға қолдау көрсетуді тапсырды.

Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі : «Осы мақтаны терең өңдеуге бағыт алып отырмыз. Әрбір жері бар, зауыты бар шаруа оны дайын өнім ретінде жеткізіп, терең өнім өндіріп, экспортқа шығару керек. Сондай талап қойып отырмыз. Ол келешекте мына Жетісай, Мақтаарал, Шардара тағы басқа аудандардағы мақта зауыттарына да тиісті болады» 

Еске салсақ, 2023 жылы «Peng Sheng Group» компаниясымен инвестициялық жобаларды іске асыру туралы келісімге қол қойылған еді.