«Нұр Отан» партиясы Оңтүстік бөлімшесінің саяси кеңес мүшелеріне куәлік тапсырылды. Бұл құжатты салтанатты жиында партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмасбек Мамытбеков табыстады. Осылайша,танымал айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков, «Южный Казакстан» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Марина Лимаренко мен облыстық өзбек драма театрының директоры Икрам Хажимжановтар «Нұр Отан» партиясы облыстық бөлімшесінің саяси кеңес мүшелері атанды.
Сондай-ақ, партияның беделін ғана емес, материалдық техникалық базасын да нығайтуға ат салысқан 10 азаматқа «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің атынан алғыс хат табысталды. Іс-шараға жиналғандар партияның беделін одан әрмен көтеру үшін алдағы уақытты жұмыла жұмыс істеу керектігін де айтты.
Бекарыс Шойбеков, айтыскер, ақын: «Барлығымыз бұрыннан «Нұр Отанның» мүшесі болғанымызбен, енді бізге тапсырылып отырған жаңа міндет бізде үлкен жауапкершілік жүктейді. Осы арқылы біздің жауапкершілігіміз бұдан да артып, бізге жүктелген сенімнің ауыртпалығын сеземін деп ойлаймын.»