Шымкенттік сайлаушылардың 67,50 пайызы «Нұр Отанға» дауыс берген

144

Сайлауға қатысқан Жамбыл облысы тұрғындарының 80 пайызға жуығы «Нұр Отанды» таңдаған. Осылайша көрші облыс «Нұр Отанға» ең көп дауыс берген аймақ атанды. Ал, Алматы, Нұр-Сұлтан мен Маңғыстау облысындағылар керісінше көш соңында.

Мұндағылардың көбісі «Ақжол» мен «Адал» партиясына дауыс берген. Ал, ақтөбеліктер мен Батысқазақстандықтар таңдауы Қазақстан Халық партиясына түсіпті. «Ауыл» партиясына ең көп дауыс жинаған шымкенттіктер. Қала тұрғындарының 67 пайызы «Нұр Отанға» дауыс берсе, 12 пайызы «Ауылды» таңдаған.

Назерке Үкібасова