Шардара балық өңдеу зауытының ісі өрлеп тұр

1002
Өнімдер сапалы әрі стандартқа сай болады

Шардара балығы елімізге, қала берді алыс-шетелге әйгілі болатын. Бұрынғы балық өңдеу зауыты қайта жаңғыртудан өткелі бері шаруасының тынысы кеңейіп, өнімі арта түскен. Мұнда балық тұздалады және қақталады. Зауытта шетелдік азаматтар емес, жергілікті тұрғындар қызмет етеді. Соның бірі — Айсұлу Ақмолдаева. Жеті жылдан бері осында жұмыс жасайтын ол көз алдында зауыттың көркейіп, дамып жатқанына риза.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=B9Xh-5JP1bM[/youtube]

Айсұлу Ақмолдаева, балық өңдеу зауытының жұмысшысы: «Бала-шағамды осы зауытта жұмыс істеп, асырап отырмын. Оның үстіне істеп жатқан жұмысым да өзіме ұнайды. Өнімдеріміз де сапалы. Мемлекеттің  инновациялық бағдарламасы жақсы болды. Ең бастысы — біздің жұмысымыз бар, зауытымыз дамып жатыр. Еліміз өркендей берсін!»

Шардараның балық өңдеу зауыты жаңғырту жұмыстарынан соң, жұмысын қарқындатты
Балықты жуып, тазалау цехы

Аграрлық несие корпорациясынан жеке инвестиция есебінен қаржыландырылған зауытта жақында филе дайындау цехы іске қосылды. Енді кәсіпорын басшылары бәсекеге қабілетті балық өнімдерін шығарып, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, шет мемлекеттерге шығу үшін еврономер алуда.

Нұрлан Боранбаев, балық өңдеу зауытының басшысы: «Өнімді жылына мың тонна деп есептеп жатырмыз. Оған қоса концерві дайындау цехы мен балықтан колба жасайтын цехымызды іске қоссақ, өніміміз 1,5 мың тоннаға өседі.»

Өнімдер сапалы әрі стандартқа сай болады
Өнімдер сапалы әрі стандартқа сай болады дейді мамандар

 Осылайша «Шардара балық-1» өңдеу зауыты үдемелі индустриялды-инновациялық дамудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шарапатын көрді. Мемлекеттік кәсіпкерді қолдауының нәтижесінде зауыт аяғына нық тұрып, жаңа белестерден асуда. Ал кәсіпкердің тасының өрге домалауы елімізді экономикасына да елеулі үлес қосары сөзсіз.