«Жаның мен тәнің сау болсын.» Шаһарымызға осындай ұранымен атақты емші Ольга Мигунова келді. Тәжірибелі гипнозшының қаламызға жиі келуі оның емінің шарапатын көргендердің көп екенін аңғартса керек.
Халық емшісінің гипноздау арқылы емдеуі бейнебір сиқыр дерсіз. Ольга Мигунова науқасты естен тандырып қана қоймай, оның ауруын дәл анықтап береді. Емші мұндай қасиетке бірден ие болмаған. Оған осыдан жарты ғасыр бұрын атағы жер жарған теңдессіз сәуегей Вольф Мессинг бата берсе керек. Ұстаздан алған осы сыйдан соң Мигунова ханым адамдарды емдеу қабілетіне ие болыпты.
Шымкенттіктер Ольга Мигунованы көп жылдан бері біледі. Шаһарымызға жиі қонақ болатын тұлғаның бос уақыты жоқ десек, артық айтпаймыз. Десе де, қолы қалт етсе, өлең жазып, салауаты өмір сүру салтын ұстануды да ұмытқан емес.
Олай болса, басыңыз ауырып, балтырыңыз сыздаса, 11,12,13-желтоқсан күндері белгілі емшінің қабылдауына жазылсаңыз болады. Емделудің толық курсы желтоқсан айының 14-і мен 18-ші жұлдызы аралығында өтеді.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=6_n6VOlt068[/youtube]