Испания құрамасының жеңетінін шымкенттік көріпкел болжап қойғаны қашан

555
Назиля апайдың болжамы орындалды

Көріпкелдің болжамы орындалды. Европа чемпионатының ақтық кезеңі бастала салысымен-ақ оңтүстік жанкүйерлерінің сұранысы бойынша болжау жасаған жерлесіміз Испания құрамасының жеңетінін қобызын тартып отырып-ақ біліп қойған еді.

Сюжет эфирге шығып, Испания құрамасы ақтық сынға жолдама алғанда көріпкелге барушылар көбейгені де рас. Ырымшыл жерлестеріміз Назиля апайдың қобызы болашақты болжай алатынына сенеді.

Ал Испания құрамасының чемпион атануы көріпкелдің жұмысын тіпті ауырлата түскен. Десек те жеңімпаз анықталды. Енді Шымкенттік сәуегей Әлем чемпионатында жеңіске жететін команданы болжасам деп отыр.