Шымкентте тәуелсіздік мерекесін тойлау басталды

433
Елбасының өмір жолы мен туәелсіздік турасында оқушылар

Шымкентте тәуелсіздік мерекесін тойлау басталып кетті. Айтулы датаға орай қаламыздағы Гайдар атындағы балалар кітапханасында кішкентай оқырмандар бас қосты. Арнайы шарада азаттық таңының қадір-қасиеті мен желтоқсаншылардың тағдыры суреттелген жыр жолдары мен баяндамалар оқылды. 

Мерекелік шара кітапхананың оқу залында ұйымдастырылды 
Іс-шараға студенттер мен оқушылар да келді
Оқушылар «Тәуелсіздік жолы» атты тарихи-трагедиялық қойылымды сахналады
Шәкірттер бостандық үшін өмірден өткен боздақтардың рөлін шебер сомдады

 Сержан Қасымбекұлы, №50 мектептің оқушысы: «Мен басты рөлдегі атаның рөлін ойнадым. Әрине, аға-әпкелерімнің алдында аздап қобалжу сезімдері болды. Мен болашақта әскери қызметкер болғым келеді. Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуіне үлкен үлес қосып, елімді қорғасам деймін.»

Мерекелік шара соңында кішкентай оқырмандар «Көк тудың желбірегені» патриоттық әнімен кешті тәмамдады. Айта кету керек, мерекелік сабақта оқырмандар үшін «Тәуелсіздік таңы» атты арнайы кітап көрмесі ұсынылды.