көгілдір отынның берілу сәті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен жалпыұлттық телекөпір кезінде Түркістан қаласына тартылған газ құбыры іске қосылды.

Түркістандықтарды қуанышымен Елбасының өзі құттықтады
Түркістандықтарды қуанышымен Елбасының өзі құттықтады

«Бейнеу- Бозай-Шымкент» газ құбыры арқылы еліміздің Оңтүстігіне отандық газ келе бастады. Ендігі жерде құбыр бойындағы 500-ден астам елдімекен, жүздеген өндіріс орындары газбен қамтамасыз етіледі. 200 мыңнан астам халқы бар, 40 мыңнан астам тұрғын үйі бар Түркістан қаласының тұрғындары экологиялық таза көгілдір отынға алғашқылардың бірі болып қол жеткізді.

көгілдір отынның берілу сәті

Алдағы уақытта Түркістандағы бірінші кезең аясында 7212 абонент, 16 білім беру нысаны, 4 денсаулық сақтау мекемесі және орталық жылу қазандығы табиғи газбен қамтылатын болады. Аталған шараға қатысқан облыс әкімі Асқар Мырзахметов те көгілдір отынға қол жеткізген түркістандықтарды құттықтады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=iGc6IWD63rg[/youtube]