Түн ішінде пышақтап кетті

546
Жәбірленушінің денесінен көп қан аққан

Түлкібас ауданының полицейлері бұзақылық жасаған күдіктілерді қолға түсірді. Желтоқсан айының басында таңғы сағат 04:00 шамасында Түлкібас аудандық ішкі істер басқармасынаа жергікті ауруханаға 19 жасар азаматтың жеткізілгені жайлы хабар түсті. Жәбірленушінің ішіне пышақ сұғылған.

Жәбірленушінің денесінен көп қан аққан
Жәбірленушінің денесінен көп қан аққан

Оқиға орнына келген полицейлер жәбірленушіден сұрау алады. Оның айтуынша, ауыл көшелерінің бірінде оған белгісіз үш азамат келіп темекі сұрап, одан соң жәбірленушіні ұрып-соққан. Мұнымен қоймай ішіне бірнеше рет пышақ сұғып алыпты.

Футболкадағы пышақтың ізі
Футболкадағы пышақтың ізі

Шұғыл іздеу шараларының нәтижесінде бірнеше күннен соң Түлкібас АІІБ-ның полицейлері күдікті үш азаматты қолға түсірді. Олардың бірі — 1993 жылы туылған күдікті жәбірленушінің ішіне бірнеше рет пышақ сұққанын мойындады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=_hFT02EPaSw[/youtube]

Сезіктінің айтуынша, сол күні кешке ол таныстарымен спирттік ішімдік ішіп, жолда екі жігітті көреді. Одан соң күдікті жәбірленушілердің бірінің ішіне бірнеше рет пышақ сұғып, оқиға орнынан із суытқан. Қазір осы фактіге қатысты қылмыстық кодекстің 257-бабы, яғни «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда.