Тағы да улы газға тұншығып қалғандар бар

406

Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылында қайғылы оқиға орын алды. Бір отбасының үш мүшесі зиянды иістен уланып қалған. Соның салдарынан биыл ғана дүниеге келген нәресте көз жұмды.

 Ал оның 24 жастағы анасы мен 10 жасар бауыры ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, бұл отбасы көмірқышқыл тотығымен уланған. Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.

Айта кетейік соңғы кезде Оңтүстікте гулы газдан тұншығып қалушылар көбейіп кетті.