Хор ұжымы алғашқы концертін өткізді

526
хор ұжымы фольклерлық әндерден бастап заманауй әндерді де орындады

Облыстық опера және балет театрының хор ұжымы өзінің алғашқы шығармашылық кешін өткізді. Құрылғанына 3 жыл толған өнер ошағының әртістері бұған дейін еліміздің бірнеше қалаларының өнерпаздарымен бірлесіп, сахналарда өнер көрсеткен болатын.

хор ұжымы фольклерлық әндерден бастап заманауй әндерді де орындады
Хор ұжымы фольклорлық шығармалармен қоса заманауи әндерді де орындады

Опера және балет театрының хор ұжымы сахна шымылдығын «Қара торғай» халық әнімен түрді. 3 бөлімнен тұратын концерттік кеш репертуары Қазақтың көне халық әндерден бастап қазіргі заманғы әндерге дейін қамтыған. Жалпы, хор әні — өлкемізде кенже қалған өнер. Қайта жанданған бұл өнер түріне көрермендер жоғары бағасын берді.

Хор өнерпаздары ағымдағы жылдың қыркүйек айында Алматы төрінде республикалық Бақытжан Байқадамов атындағы байқауда бас жүлдені иеленді. «Біз үшін Тәуелсіздік күнінде театр сахнасында алғаш рет жеке концертімізді өткізу — үлкен бақыт» дейді хордың мүшелері.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=1dc44q53jS8[/youtube]

 Серік Салдаров, бас хормейстер: «Репертуардағы шығармалар сүймелдеусіз орындалады. Оқу бітіргеннен кейін Алматы қаласында аз да болса жинаған тәжірибемізді осында пайдалансақ дейміз. Біздің хор мүшелерінің барлығы кәсіби мамандар емес. Әрине, олардың музыкалық білімдері бар. Дегенмен, оқу барысында кем-кетіктер болады. Алдағы уақытта мұңың бәрін ретке келтіру үшін жұмыс жасаймыз.»

Театрдың хор ұжымы келер жылдан бастап тыңдармандар үшін классикалық хордан арнайы концерттер өткізуді жоспарлап отыр.