Еңбекші ауданының әкімшілігі ауданға қарасты шағынаудандар мен көпқабатты үйлердің 200 төрайымы мен төрағасын жаңа жылмен құттықтап, шағын сыйын ұсынды.
Қоғамдық жұмысты белсене атқарып жүрген бұл азаматтардың елеулі еңбегін бағалаған әкімдік өкілдері биыл тұңғыш рет үй төрайымдары мен төрағаларына көңіл бөлуді жөн санапты.
Жергілікті биліктің сөзінше, биыл Еңбекші ауданы бойынша 184 аулада көріктендіру жұмыстары жүрген. Ал жеке секторлар бойынша 60 көше асфальтталып, 4 елдімекенге су, 2 шағынауданға электр жарығы, 4 ауылға көгілдір отын жетіпті. Пайыздап шаққанда аудандағы көріктендіру жұмысының 80 пайызы біткен.
Дегенмен, 2014 жылы да жасалатын жұмыс жеткілікті дейді сала мамандары. Жалпы, аудан бойынша көп қабатты үйлерден тұратын 12, жеке сектордағы 13 шағынаудан бар. Онда бұл күндері 221 мың халық өмір сүреді.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=7TAic2uot1c[/youtube]
Ұлжалғас Тәженова, үй төрайымы: «Мен өзім өмір сүретін көп қабатты үйдің төрайымы болғаныма 24 жыл болды. Сол уақыттан бері мұндай сыйды әкімшілік тарапынан бірінші рет алып тұрмын. Өте қуаныштымын. Жалпы, биыл Еңбекші аудандық әкімдігі көріктендіру жұмыстары бойынша көптеген тірліктерді бітірді. Құзіретіне жатпайтын ауламызға қажетті кейбір жұмыстарды да жасап берді.»