Өзбек мәдени орталығының өкілдері де жолдауға үн қатты

352
Өзбек мәдени орталығы Жолдауды талдады

Облыстық өзбек мәдени орталығының өкілдері Елбасының жолдауын татулықты ту етіп, баянды болашаққа бастайтын құжат ретінде қолдап отыр.

Өзбек мәдени орталығы Жолдауды талдады
Өзбек мәдени орталығы Жолдауды талдады

Биылғы жолдау адам әлеуетін дамытуға бағытталып, бізге жігер сыйлады дейді жиналған көпшілік. Жоғары жалақы, жоғары шәкіртақы, білім берудің жаңа жүйесі — барлығы да келешек ұрпақтың болашаққа деген сенімін арттырмақ. Дамудың өзіндік ерекше үлгісін қалыптастыра білген еліміз енді бір мақсат, бір мүддені арқалап, болашаққа бірге ұмтылмақ.

Ынтымағы жарасқан елде өмір сүріп, осы елдің азаматы екендерін мақтан тұтқан өзбек мәдени орталығының өкілдері Елбасы жүктеген міндетті орындауда аянып қалмайды.

Икрам Хашимжанов, ОҚО өзбек мәдени орталығының төрағасы: «Мәңгілік ел болуымыз үшін мемлекетіміздегі 138-ден астам этнос бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, Елбасымыздың сарабдал саясатын толығымен қолдап келе жатыр. Бұл ішкі саяси тұрақтылығымыздың негізін қалыптастырады.»