Қазақ балаларына түріктің есімдерін беруде

Үлкен қызы Айсұлу 4-те, екінші қызы Айкөркем 2 жарымда үшінді ұлы Сулейман 4 айлық

Қазақстанда перзенттеріне діни есімдер мен түркиялық сериалы кейіпкерлерінің есімін қоятын отбасылар көбейді. АХАЖ бөлімінің мамандары, әсіресе, түрік телехикаялары көгілдір әкраннан берілгелі бері туылған ұлдарын сондағы кеіпкерлердің есімімен атаған отбасылар көбейіп келе жатқанын айтады.

4 айлық Сулейманның бойында ерекшелік бар секілді дейді ата-анасы
4 айлық Сулейманның бойында ерекшелік бар секілді дейді ата-анасы

Ерлі-зайыпты Тұрсын мен Меруерт екі қыздан кейін ұлды болғандарына қуанып, есімін Сулейман қойыпты. Дін жолын ұстанып, бес уақыт намазын қаза қылмайтын отбасы ұлдарының текті болғанын қалап, таза жүректі, тақуалы болсын деген ниетпен арабша есімді таңдағандарын айтады.

Үлкен қызы Айсұлу 4-те, екінші қызы Айкөркем 2 жарымда үшінді ұлы Сулейман 4 айлық

Тұрсын Асанұлы, Сулейманның әкесі: «Сүлеймен емес, Сулейман деп қойдық. Құранда да Сулейман деп аталады. Өйткені, араб тілінде «е» деген әріп жоқ. Яғни, қалай аталса да Сулейман деп аталады.»

Майра Есполова, Шымкент қалалық әділет басқармасы АХАТ бөлімінің басшысы: «2013-2013 жылдар аралығында Түркия республикасының сериалдарына байланысты ұлдарының атын Сулейман деп атаған 13 жағдай тіркелді. Сонымен бірге Ибрагим деп ат қойған 5 отбасы бар. Тағы бір ерекше атап өтетіні — Дениз деген қыздың да аты қойылып жатыр.»

Жалпы, халқымыз шыр етіп дүниеге келген балаға есім беруге асқан ыждағаттылықпен қараған, оған зор мән берген. Есім де адам тағдырына әсер етеді дейді психологтар.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=QnalZtn3eKU[/youtube]

Зулипа Әбдрахманова, психолог: «Сериалдарға байланысты қойылған аттар өсе келе баланың психологиясына қатты әсер етеді. Ол оны алып жүре алады ма? Сериалдар бітеді. Санадан ұмытылады. Мысалы, ол оқушы болып жүрген кезде сыныптастары оны мазақ етуі мүмкін. Сол кезде баланың ойы бұзылады. Кезінде түріктң атақты Ферхунде деген сериалы берілді. Сол кезде келіндерін сол келінге балап, мазақ еткен адамдар да кездесті ғой?»

Отандық эфирден қыруар ақшаға сатып алынатын шетелдік сериалдарды көрсетуді қысқарту мәселесін басқа емес, Елбасы айтты. Ол деген сөз — тұтас бір елдің санасына сызат салатын мәселеге айналып кетуі мүмкін. Алайда санамызды жаулап алған телехикаялардың төрімізден қашан ығысары әзірге белгісіз…