Психолог маманды қалай таңдаған дұрыс?

36

 

Әлеуметтік желінің мүмкіндігі күн санап артып келе жатқан бүгінгі уақытта бірқатар қызмет түрлерін онлайн алуға болады. Олардың қатарында психология саласының өкілдері де бар. Өкінішке қарай қазір арнайы білімі мен тәжірибесі жоқ, псевдопсихологтар әлеуметтік желіде отырып адамдарға өз қызметін еш кедергісіз ұсынып келеді. Ал сіз, кәсіби маман мен дәл сондай қатардағы псевдопсихологты ажырата білесіз бе? Ал бұл тақырып аясында тәжірибелі маман не дейді?

Гүлнұр Құрманқазықызы, кәсіби психолог: «Адамның психикасымен жұмыс істеу әзілдесетін дүние емес. Дұрыс емес ақпарат берсеңіз, мысалы бір әйел күйеуімен проблемасымен келеді, мен ажырасқым келеді немесе отбасын сақтап қалғым келеді. Дұрыс емес жұмыс сол отбасының бүкілін қирату мүмкін».

Гүлнұр Құрманқазықызы 10 жылдан бері психология саласында еңбек етіп келеді. «Негізгі қызметім – адамдарға жеке және отбасылық мәселелерді шешуге көмектесу» дейді маман. Қазіргі таңда психологтың консультация мен терапиясына мектеп оқушылары да жиі келеді екен. Тәжірибелі психологтың сөзінше, білім ошағында орын алған жағдайлар топтық терапияның көмегімен тезірек шешілетін көрінеді.

Гүлнұр Құрманқазықызы, кәсіби психолог: «Психолог адамның санасымен жұмыс істеу үшін дипломнан бөлек кемі 500 сағат сертификаты болуы керек. Ал тренер болу үшін 1000 сағаттан ары қарай болу керек. Ал интернеттегі псевдопсихологтарың белгілі бір курстарды оқып алады да болды. Сол бағытпен жұмыс істеп жүреді».

Психологтардың өзіне де үздіксіз жеке терапия қажет дейді мамандар. Бұл оған клиенттің проблемасына тереңірек үңіліп, мәселесін шешуде барынша салқынқанды болуға көмектеседі. Ал қала тұрғындары жалпы психологқа жүгіну мәселесіне қатысты не дейді?

Тәжірибелі мамандар психологтың біліміне, кәсібилігіне аса мән беріп қараған жөн дейді. Себебі бүгінде жан дүниеңіздегі жараны трансформациялық ойын, шегеге тұру арқылы емдейтіндер көбейіп кеткен. Кәсіби мамандардың сөзінше жаны жаралы адамды мұндай әдіспен емдеу мүлдем дұрыс емес. Себебі рухани әлсіреген адамға физикалық тұрғыдан қысым жасау, мәселені одан бетер ушықтырып ағзаны стресске ұшыратуы мүмкін.

Диана Біржанова