Қадыр Мырза Әлінің «Бас ауырса шүкір де, дос, шүкір де… Ол басыңның барлығының белгісі» деген өлең жолдары ойға еріксіз оралатыны бар. Дегенмен де, атақты психолог, тәжірибелі психотерапевт Валерий Синельников өзінің кітаптарында қызықты жәйттерді жазады. Мәселен ол «Возлюби болезнь свою» атты кітабында әрбір жан өзіне ауруды өзі «жасап алады» дейді. Сонымен бас неден ауырады?
Бас ойлау процесіне жауапты. Басыңыз ауыра берсе, бұл сіздің сезіміңіз бен ойыңыздың үйлеспейтінін байқатады. Кез-келген ауру өзіңізге назар аударудың аса қажет екенін ескертеді. Сондықтан, неден ауыра бастағанын анықтап алу керек. Кейде басымыз ауырса ауарайынан немесе суық тиген деген деп жатамыз. Сондай-ақ, дәрі сырқатты уақытша тоқтата тұратынын ұмытпаңыз. Егерде ойыңыздағы түйткілді мәселе шешімін таппаса, (әрине қатты суық тигізіп алмасаңыз) басыңыздың ауруы жуық арада қояды деп үміттенбеңіз. Есіңізде болсын, бастың ауруы ол бір нәрсені дұрыс жасамай жатқанымызға берілген белгі. Мәселен, жұмыс көп. Өзіңіз қатты шаршап жүрсіз. Бірақ қалайда жұмысты соңына дейін аяқтағыңыз келіп тұр. Осы кезде сіздің ішкі түйсігіңіз сізге демалу қажеттігін білдіріп, басыңызды «ауыртып» белгі береді.
Бас ауруының тағы бір себебі – екіжүзділік. Мәселен, сіз өзіңізге ұнамайтын адаммен араласасыз. Өтірік күліп, оған жақсы сөздер айтуға мәжбүрсіз. Мұндай қарым-қатынастың соңы бас ауруына әкеп соғады. Себебі, сіздің миыңызда ол адам туралы жеккөрінішті сезім бар. Бірақ сыртқы көрінісіңізбен басқаша әрекет жасайсыз. Бастың бір жақ бұлшық еттері әлсіз, екінші жағы белсенді. Ой кейпі мен сезімнің үйлесімсіздігі ауру тудырады.
Ойыңыз бен әрекетіңіз үйлеспесе, міндетті түрде басыңыз ауырады.
Бір күні дәрігер өзінің досына қонаққа барады. Досы үнемі басының ауыра беретінін айтып шағым-данады. Сақинасы ұстай беруі жарты жыл бұрын басталыпты. Дәрігер сол уақыттан бастап, одан жағдайды тәптіштеп сұрай бастайды. Досы өзі жұмыс істейтін фирма туралы айта келе, әріптесінің бірін сөзге қосады.
– Сергей деген бар, басты ауыртып бітті.
Осыдан кейін әңгіме тек сол бас ауруға айналған әріптес жайлы жалғасқан. Біршама уақыттан кейін дәрігер оны тоқтатып, неге әріптесі туралы айтып отырғанын сұрайды. Досы бас аурудан басталған әңгіменің неге әріптесі туралы боп кеткенін байқамай қалады. Белгілі болғанындай, көп ұзамай дәрігердің әлгі досы ол фирмадан кеткенде бас ауруы да тиылған.
Бұдан шығатын қорытынды ойыңыз бен әрекетіңіз үйлеспесе, міндетті түрде басыңыз ауырады. Әрине, бұдан құтылғыңыз келеді. Мұндай жағдайда екі жол бар. Біріншісі: ол адаммен араласуға сізді ешкім мәжбүрлемейді. Оны жайына қалдырыңыз. Екіншісі: әлгі жаныңызға жақпайтын адам өміріңізге қалайша енді. Егер де біреудің бір қылықтары ұнамаса, демек өзіңізде де дәл сондай жағымсыздық бар. Үңіліп көріңіз. Өзгеру өз қолыңызда. Сіз өзгерсеңіз, айналаңыз-дағылар да өзгереді.
Дәрігердің кезекті семинары кезінде қатысушы-лардың бірі басшысының үнемі сынай беретінін, не істесе де оған жақпайтынын айтып шағымданады. Басшысының қабылдауынан міндетті түрде басы ауырып шығады екен. Дәрігер әйелмен әңгімелесу арқылы оның бұрынғы басшысына деген өкпесі бар екенін анықтайды. Оған қоса жетекшісі өзін бір кездері ренжіткен кісіге қатты ұқсайтын болып шыққан. Міне, мәселенің бәрі әйелдің өзінде жатыр. Ол өзге түгіл өзін жақсы көрмейді. Үнемі әрекетін сынап, өзіне көңілі толмай жүреді. Қысқасы жұмыста кәсібилігін, өмірде нәзік жанды әйел екенін мойындамайды, бағаламайды.(Бұл жерде өзіне көңілі толып, болдым, толдым дегендер өспейді дегенмен шатастырмаңыз.) Семинардан кейін қатысушы өткенін саралап, өзіне, басшысына деген көзқарасты қайта қарайды. Біршама уақыттан кейін ол дәрігерге бас ауруынан айығып, ал басшысының оған білікті қызметкері ретінде қарай бастағанын айтып қуанышын жеткізеді.
Сіз өзгерсеңіз, айналаңыздағылар да өзгереді.
Өз-өзін баға-ламау, жиі сынау да бас аурына әкелетін себептердің бірі. Ойланыңызшы, әрекетіңізге көңіліңіз толмай өзіңізді жек көріп, қоярға жер таппай жүргенде, басыңыз ауыра бас-тайды емес пе?! Оған қоса өзін бағаламайтын адам өзгелерге де сондай көзқараста болады. Сынайды, мінейді, көңілі толмайтынын айтады. Бұл өзіндегі сол қылықтардың барын көре алмауы салдарынан болатын әрекет. Өзгеден өзін көріп жүргенін байқамай да қалады. Өзгеру керек.
Өзіңізді қандайсыз, сол күйінде қабылдаңызшы.Басқалардың тек жақсы қасиеттерін көруге ұмтылыңыз. Олар да сіз сияқты жеке тұлға. Оларды емес, өзіңізді түзетуге тырысып көріңіз.
Үрей де бастың ауруына әкеледі. Алаңдап, дегбіріңіз қашып, шамадан тыс тынышсыздана бастасаңыз, дереу ішкі жан-дүниеңізге үңіліп, қорқыныштың неден екенін анықтауға тырысыңыз. Әрине өзіңізге, өзгеге деген сенімсіздік үрей туғызады. Сондықтан, бас ауыра бастаса, ішкі түйсігіңізбен байланысқа түсіп, жағдайды реттеуге ұмтылыңыз.
Аударған – Ғалия МҰХАМБЕТҚЫЗЫ