Психолог-психотерпевт Валерий Синельниковтің түрлі ауруларға қатысты жазған кітабынан тағы да біраз кеңесін ұсына кетейік.
Оның айтуынша аурудың бәрі астан емес. Сіз ашушаң, ызақор, қызба адам болсаңыз міндетті түрде бауырыңыз ауыратын болады екен. Оған таң қалмаңыз. Байқасаңыз өзгелерге ашуланып, олардың тірліктерінен үнемі тітіркеніп жүретін жандардың бауыры ауырады. Өз-өзінің көңіл-күйін тежеушілік алдымен ұйқы безінің қабынуына, өттің толуына әкеп соғады. Уақыт өте келе іштегі толқынды сыртқа шығармаудың салдарынан бауырда тас жиналады.
Әдетте адамдардың көбі өзінің жан толғанысын белсенді көрсетуді әбес әрекет деп санайды. «Одан да іште сақтағаным дұрыс» деп санайды. Мұндай адамдар өзін де, өзгелерді де сынауға бейім келеді. Бауыры ауыратындардың көбі буын ауруына да шалдығады. Бұл да қызуқанды мінездің салдары. Үнемі ашынған ойды арқалап жүретін жандардың әсіресе, таңертеңгілік аузынан қышқыл дәм сезіледі. Бірақ өр көкіректік мінез оның «қырық жылғы ойы» мен ызақорлығынан арылуға кедергі болары сөзсіз. Мұндай адамдар үнемі шағымданып, өзінің міншіл, қазымырлық мінезін ақтап алып шығуға тырысады. Сондықтан да психологтар «әлемді өзгерткің келсе, өзіңнен баста» дегенді алға тартады.
Ғалия Мұхамбетқызы
2 ас қасық итошаған шөбіне 0,5 л қайнап тұрған су құйып, жылы пеште 12 сағат тұндырыңыз. Сүзіп алыңыз да күніне 3 рет жарты құтыдан ішіңіз. Бауыр ауруын тежейді.
* * *
Қауынның дәнін кептіріп, ұн етіп ұнтақтаңыз. Үстіне сиырдың піскен сүтін құйып, 1,5 сағат тұндырып алыңыз. Сүзіп алып, таңертең аш қарынға 100 мл ішіңіз. Бұл әдіс асқазан мен бауырды тазалайды.
* * *
Қырыққабат тұздығынан жарты құты алып, дәл осындай мөлшердегі балғын қызанақ шырынымен араластырыңыз. Бауыр ауырғанда күніне 3 рет тамақтан кейін ішеді. Дәрілік шөптермен қатар ішуге болады.
* * *
Сүтке сыра қосып ішіңіз: 0,5 л сүтті 1 л сырамен араластырып, ас алдында 1-1,5 құтыдан ішеді.
* * *
Қара шомырдың жапырақ өскен жағын кесіп, ішін ойып, қант немесе әсел салып, ойып алған кесіндімен бетін жауып бір тәулікке қойып қою керек. Бір тәуліктен соң, тамақтың алдында 15 минут бұрын 1 шай қасықпен күніне 3 рет ішкен бауыр жұмысын жақсартады.