Бес баласы бар жас келіншек уланып қала жаздады

394
Шұғыл түсірілім

Қыс қаһарына мінгелі Шымкентте улану фактілері жиілеп кетті. Таяуда тағы бір отбасы иіс тиіп, уланып қалды. Келеңсіз жағдай Алдияров көшесіндегі көпқабатыт үйлердің бірінде орын алған. Үйдің ішінде 5 жас бала және бір әйел болыпты.

Шұғыл түсірілім
Шұғыл түсірілім

Бұл жайында жедел жәрдем дәрігерлеріне отбасының туыстары хабар беріпті. Айтуларынша, үйдегілердің ешқайсысы телефон қоңырауына хабар бермейді. Дәрігерлер мен туыстары пәтерге тездетіп жеткенде оларға есікті ешкім аша алмай қояды. Соған қарағанда іштегілердің халдері нашар болуы мүмкін.

Осыған байланысты дәрігерлер құтқару жасағына хабар береді. Оқиға орнына келген құтқарушылар есіктің құлпын бұзып, сырттан ашты. Абырой болғанда пәтердің ішіндегі адамдарыдң барлығы аман. Дегенмен, жас балалар бастарын әзер көтереді. Ал келіншектің халі мүлде нашар болып шықты. Оның денесі қалшылдап, дірілдеп жатыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=N_jwLvVE2Sk[/youtube]

Дәрігерлер балаларға алғашқы көмек көрсеткен соң оларды туыстары өз көліктеріне салып, үйлеріне алып кете бастады. Ал жас әйелге сол жерде көмек көрсетілген соң оны арнайы топ ауруханаға алып кетті. Зардап шеккен азаматшаны дереу жоғарғы қысымды оттегімен емдеу қажет болатын. Алдын ала болжамға сәйкес, улы иіс газ колонкасынан шыққан. Себебі, газ құрылғысының құбыры шығып кеткен.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=7GtnDfufUuM[/youtube]

Айта кету керек, жастары 1-ден 10-ға дейінгі балалардың халі қазір жақсы. Қазір осы келеңсіз жағдайдың себеп салдарын тиісті мамандар тексеріп жатыр.