Биыл барлық балабақша төлемақыны POS терминалмен қабылдайды

Кез-келген карточка арқылы балабақшаның төлемін жасауға болады

Жаңа жылдан бастап балабақшалардағы тәрбие үшін төлемақы толығымен POS терминал арқылы төленетін болады. Қалалық білім беру мекемесі басшысының айтуынша, былтырдан бастап енгізілген қаулы бойынша қазір қаладағы барлық мектепке дейінгі мекемелер терминал арқылы төлем жасауға көшкен. Ал былтыр бұл жаңашылдықты енгізуден кеш қалған балабақшалар жыл басынан бастап ата-аналарға қарқынды түсіндіру жұмыстарын жүргізе бастады. Төлемді бұл түрінің тиімді тұсы сол – ата-ана мен мекеме қызметкерлерінің арасында түсініспеушілік болмайды екен.

Төлемақы кез келген карточкадан қабылданады

Жұлдызай Дәрменова, №23 «Жеңіс» балабақшасының меңгерушісі: «Құлағымыз тыныш, ақша жымқырып жатыр деген сөзден аулақ боламыз. Оған қоса заман талабына сай. Ата-ана үйіне жақын маңдағы кез-келген банктен карточка аштырып, баланың тәрбиесінің төлемін жасай беруге болады. Ал терминал балабақшадағы есепшінің алдында орналасқан.»