Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 23-сессиясы өтті. Депутаттар 2014-2016 жылдарға облыстық бюджетке өзгерістер енгізді. Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер есебінен облыстық бюджеттің кірісі 105 миллиард 448 миллион теңгеге артты. Сонымен қатар, бюджеттік кредиттер 5 миллиард 217 миллион 500 мың теңгеге көбейді.
Әбілқасым Досболов, облыстық мәслихаттың депутаты: «110 миллиард 706 миллион теңге көлемінде республикалық трансферт келді. Білім саласына — 33 млрд. теңге. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы 80 116 орынға мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастыруға 15 162 млн. теңге қарастырылуда. Үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарының мұғалімдерінің және аудандағы, қалалардағы жалпы білім мектептері мұғалімдерінің еңбекақыларын көтеруге 446,4 млн. теңге қарастырылуда. Білім беру саласыне дамытуға, жалпы 37 нысанның құрылысына 12 075,5 млн. теңге бағытталуда.»
Бұған қоса денсаулық сақтау саласына 50 млрд., ауыл шаруашылығына 124 млн. теңге бөлінеді. В және С вирусты гепатитімен ауыратын ересек науқастарды емдеу үшін дәрілік препараттарды сатып алуға 224,1 млн. теңге қарастырылуда. Ауруларды туберкулезге және диабетке қарсы препараттармен қамтамасыз ету үшін тиісінше 371,8 млн. және 429,0 млн. теңге қарастырылуда.
Әлеуметтік саланы қаржыландыруға 123,7 млн. теңге қарастырылуда. Оның ішінде тұрғылықты жері жоқ тұлғаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер стандарттарын енгізу үшн 20,1 млн. теңге, мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту үшін жаңалық телехабарларын сурдоаудармамен қамтамасыз етуге 29,3 млн. теңге қарастырылуда.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындайтын үкіметтік емес ұйымдармен қарттар мен мүгедектерге, психоневрологиялық арурлары бар балалар мен ересек мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін 94,9 млн. теңге қарастырылуда.
«Жұмыспен қамту -2020» жол картасы аясында ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін қатысушыларына 1300 бюджеттік несие беруге 3 120 млн. теңге қарастырылуда.
«Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық транзиттік автомобиль жолының бойындағы жер учаскелерін сатып алуға жалпы 167,7 млн. теңге қарастырылуда. Сайрам ауданының 6,2 га жер учаскелерін алуға 110,7 млн. теңге, Түлкібас ауданының 122,3 га жер учаскелерін алуға 57,1 млн. теңге бөлінген.
Коммуналдық шаруашылық саласын дамытуға 7 916,7 теңге бағытталуда. Оның ішінде сумен қамтамасыз ету саласындағы 14 нысанның құрылысына 4 047,2 млн. теңге, Мақтаарал ауданы Жетісай қаласының кәріз жүйесін қайта құруға 713,1 млн. теңге бағытталуда.
Сондай-ақ сессияда облыстың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны жән ерекше қызметі үшін өңіріміздің бірқатар азаматтары Оңтүстік қазақстан облысының Грамотасымен марапатталды.
Олар — облыстық мәслихаттың депутаттары Бахарам Абдукаримов, Алмасбек Мамытбеков, Мұрат Төлтебаев, Отырар аудандық мәслихатының депутаты Дүйсенбек Наржан мен Шардара аудандық ғылым және білім беру қызметкерлері кәсіподағының кеңес төрағасы Махмұд Момынұлы.