Екі бірдей шымкенттік көлік ұтып алды

Елімізде үш азамат сужаңа көлік ұтып алды. Олар «Эврика» дүкендер желісінен өткен жылдың 1-қарашасы мен 31-желтоқсаны аралығында зат сатып алған. Ал алған түбіртегі «Жаңа жылдық сенсация» акциясына автоматты түрде қатыстырылыпты.

Эврика

Акция шарты бойынша сатып алынған тауардың құны 50 мың теңгеден кем болмауы шарт болатын. Енді акция қорытындысы шығып, екі шымкенттік азаматша мен бір алматылық азамат күтпеген жерден темір тұлпарға ие болды.

Минира Қожақұлова көлік ұтып алғанына әлі сенер емес. Жаңа жыл қарсаңында «Эврика» дүкендер желісінен тауар сатып алған ол бүгін су жаңа темір тұлпардың иесіне айналды.

Минира Қожақұлова, жүлдегер: » 31-желтоқсан күні екі желдеткіш сатып алдым. Ұтсам, тек шаңсорғыш ұтатын шығармын деп ойладым. Өйткені, үйге бір шаңсорғыш қажет еді. Енді, міне, көлік ұттым. Қуанышымда шек жоқ!»

Компания ұтысқа тіккен көліктің тағы біреуі жақында ғана отау тіккен Шахиндер отбасына бұйырды. Қос келіншек те көлік ұтқанын білмепті. Сауда желісінің мамандары да оларға тосынсый жасау үшін әдейі алдын ала айтпаған. Тосыннан темір тұлпардың қожайыны боп шыға келген шымкенттік тұрғындардың ә дегеннен аузына сөз де түспей қалды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=lCADWB-gLYQ[/youtube]

Сакина Шахин, жүлдегер: «Бұрын мұндай ұтысқа сенбейтін едім. Сөйтсек, ғажайып деген нәрсе болады екен. Кір жуғыш мәшине алып едік, теміртұлпар ұтып алдық. Әлі де толық сенбей тұрмын.»

Ұтыс ойыны алдымен компьютердегі автоматтандырылған бағдарлама бойынша жүргізілді. Жүлдеге тігілген теледидар мен тоңазытқыштар, шаңсорғыс, планшеттер сынды тұрмыстық техникалардың өз қожайындары сол мезетте-ақ табылды. Бір қызығы, республикалық дәрежеде өткен ұтыс жүлдегерлерінің басым бөлігі Оңтүстікте болды. Бас жүлденің екеуі Шымкентте қалса, үшінші отандық теміртұлпар Алматылық тұрғынның қанжығасына байланды.

Құрбан Хасбулатов, «Эврика» сауда желісінің маркетинг бойынша директоры: «Біздің компаниямыз жыл сайын жаңа жылда ұтысқа 1-2 көлік қоятын. Биыл көріп тұрсыз, үш көлік қатысты. Сол үшін біздің компаниямыз жыл сайын көбейіп жатыр. Біздің сыйлықтарымыз да көбейіп жатыр. Сол үшін біздің дүкендерімізге келіңіздер. Тауар сатып алыңыздар. Осындай керемет ұтысқа ие болыңыздар!»

Эврика

14 жылдан бері халықпен тығыз жұмыс істеп келе жатқан «Эврика» сауда желісі осынша жылдың ішінде көптеген тұтынушыларын қуантып келеді. Жыл бойына түрлі акциялар мен жеңілдіктер де қарастырылған. Компанияның республика бойынша 9 гипермаркеті бар. Басшылары алдағы уақытта олардың санын одан әрі де көбейтуді жоспарлап қойыпты.