Гимнастшылар суық залда жаттығып жүр

367
Осындай жағдайда да ел атын шығаратын спортшылар тәрбиеленуде

Оңтүстік Қазақстан облысының гимнастикадан олимпиада резервін дайындайтын мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің шәкірттері суық залда жаттығуда. Олар тоңбас үшін қалың киініп алу мәжбүр. Спорт залда жаттығатын гимнастшылар талап бойынша жеңіл киіммен шынығулары тиіс. Ал мұндағы спортшылар қалың киініп қана қоймай, тіпті, қолдарына қолғап та киіп алған.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=GgA6F_B5JJo[/youtube]

Спорт залындағы ауа температурасы кемінде 15 градустан жоғары болуы тиіс. Ал бұл залдағы термометрдің көрсеткіші -10-12 градусты көрсетіп тұр. Дегенмен, спортқа шын ықыласымен берілген жасөспірімдер суыққа шыдап бағуда.

ОҚО гимнастикадан Олимпияда резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің шәкірттері
Балалар мен жасөспірімдер мектебінің шәкірттері
Жаураған қыздар қалың киінуге мәжбүр
Жаураған қыздар қалың киінуге мәжбүр
Гимнастшылар ереже бойынша купальник киюлері керек
Қолдарына қолғап киген
Кемі 15 градус көрсетуәі тиіс термометр 12 градус көрсетіп тұр
Сынап бағанасы
Гимнастшыларға киімнің қалыңдығы жаттығу жасауға қолайсыздық тудырады
Болашақ чемпиондар, дегенмен, суыққа мойымайды