Еңбекші ауданы бойынша көше атаулары жазылған 5000-ға жуық тақтайшалар жаңаланды. Осылайша 89 көшеге көрік кіріп, атаулары тайға таңба басқандай жарқырап тұр.
Бұл жұмысты атқару үшін қала бюджетінен 5 миллион теңге бөлінді дейді Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Досалы Аммангелдиев. Ұзындығы — 1,20, ені 20 сантиметрлік тақтайша талапқа сай жасалып, көше атауының жанына тұрғын үйдің нөмері белгіленген. «Көшесі» деген сөз үш тілде жазылған.
Бұл заманауи үлгіде жасалған тақтайша 1 жылға жарайды. Мамандар осылай деп отыр. Жұмысты «Шымкент Сәулет құрылыс» мердігер компаниясы жүргізген. Айта өтейік, Еңбекші ауданы бойынша 344 көше болса, оның 35-інің атауы жоқ.
Досалы Амангелдиев, Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары: «Бұл жұмыстар биыл да жалғасын табады. Жаңа тақтайшалардың сапасы жіті қадағаланады. Сондай-ақ, аты жоқ көшелерге атау беру де қарастырылып отыр. Ономастика ережелеріне сай атауы қайталанған көшелерді де назарға аламыз.»
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=qtsnvu7RMB8[/youtube]