Кәсіпкер Жұмановтың өліміне қатысты сот басталды

193
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сот

Шымкентте 3 жыл бұрын көз жұмған кәсіпкердің өліміне қатысты істі қарау басталды. Еске салсақ, осыдан үш жыл бұрын қаладағы ірі автокөлік базарының қожайыны Рашид Жұманов жұмбақ жағдайда қайтыс болған еді. Сот-медициналық сараптама нәтижесі оны «Аминазин» препаратынан уланып өлген деп шешті.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сот
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сот

Бұл қорытындыны растау үшін марқұмның мәйітті бірнеше рет эксгумацияланған да еді. Осы бойынша бірнеше жыл тексеру жүргізген тәртіп сақшылары, ақыры, кәсіпкердің әйелінен күдіктене бастаған-ды. Дәйекті дәлелдерден қауіптене бастаған сезікті тергеушілер жинақтаған құжаттарды жоғалтып жіберуге де әрекеттенген. Енді осы іс облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта судья Әбсаттар Шахидиновтың төрағалығымен қарала бастады.