Көлікті қайда қою керек?

Сұрақ:

– Жақында Шымкенттегі көшелердің бірінде көлікпен келе жатып, дүкенге аялдадым. Көп ұзамай жол сақшылары келіп, ереже бұзғанымды айтты. Аялдаманың айналасында көлік қоюға болмайтынын білемін. Бірақ қандай қашықтықта қоюға болатынын білмейді екенмін. 

Зере Досанова, Шымкент қаласының тұрғыны

Жауап:

Ғалымжан ЕСІМОВ, ОҚО Жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары:

— Жол жүру ережесі жылдан-жылға күшейтіліп келеді. Жүргізушелер жол бойындағы аялдамалардың айналасына көлікті тоқтатпас бұрын мына ережені есте сақтау керек. Аялдама мен көлік тоқтайтын орынның арақашықтығы 15 метрді құрауы керек. Бұл ереженің жол қауіпсіздігі үшін маңызы зор. Егер ереже сақталмаған жағдайда жүргізуші 5 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.