Көшелер көлге айналуда

Коммунизм елді мекенінің балалары бүгін мектепке әзер жетті. Өйткені, білім ошағына баратын Әзім Пайызахметов атындағы ойдым-ойдым көшенің басым бөлігін су басып қалған.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=-SkkNXL1ECg[/youtube]

Тұрғындардың айтуынша, көлге айналған көшенің шетімен жүремін деген 2-3 оқушы таяуда суға құлап, үсті-басы малмандай болыпты. Қолайсыздықтан шаршаған жергілікті тұрғындар құзырлы орындардан мардымды жауап ала алмай әуре. Оқиға орнына Абай аудандық әкімдігінен маман шақыртып едік, «міне, бара жатырмыз» деген олардың төбесін де көре алмадық.

Пайызахметов көшесі

Абай ауданына қарасты елдімекендегі осы көшеге қалалық мәслихаттың депутаты Қаһар Пайызахметовтің атасының есімі берілген. Сайлауға түсерде «барлығын да жасап беремін, көшеге де асфальт төсетемін» деп уәдені үйіп-төккенхалық қалаулысы сайланып алған соң төбесін де көрсетпей кетті дейді жергілікті жұртшылық. Тіпті, өзі осы көшенің тұрғыны болса да, мынадай ауа райында су басқан жолмен жүрмей де қойыпты.

Пайызахметов көшесі

Пайызахметов көшесі

Пайызахметов көшесі

Пайызахметов көшесі

Пайызахметов көшесі

Пайызахметов көшесі