«Мәңгілік ел» мәдениет саласын дамытады

311
Мәдениет мамандары Елбасы жолдауын талқылады

Мәдениет саласы мамандарының жалақысы көбейеді. Елбасының «Мәңгілік ел» жолдауын талқылаған облыстық опера және балет театрының қызметкерлерін Елбасы жолдауының, әсіресе, осы тұсы қуантып отыр. Бұған қоса мол мүмкіндікке қол жеткізетін бағдарламада театрларға мейлінше қолдау көрсету жайы да кеңінен қамтылған. Сондықтан бекзат өнерді насихаттайтын өнер ұжымы алдағы күндері мемлекет басшысы ұсынған даму жолға үлесін қоспақ. Айта кетейік, әзірге осы театрда 220 адам қызмет етеді, соның 117-сі — шығармашылық ұжым. Ал мекеме басшысы, Бауыржан Рахманов «Мәңгілік елдің» жоспарлы бағытын орындауды бастап жібердік дейді.

"Мәңгілік" ел жолдауы талқыланды
«Мәңгілік» ел жолдауы талқыланды

Бауыржан Рахманов, облыстық опера және балет театрының директоры: «Біз тағы да 50 штат сұрап отырмыз, бұл өтінішіміз қазір мәслихат талқылауында. Құдай қаласа, қосымша жұмыс орындары берілсе, біздің оркестр ұжымы, хор, балет әншілеріміз үлкен дайындықты бастар еді. Гастрольдік сапарға, әлемдік деңгейге шығуға болады.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=dAFR0D7NjfU[/youtube]