35748 әскери бөлімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу жолдары» тақырыбындағы Жолдауын тыңдады.Өз Жолдауында Президент адамзаттың жаңа дәуірге қадам басқанын атап өтті. Бұл кезеңде қауіпсіздікке жаңа қатерлер туындап отыр, оның ішінде жасанды интеллект негізіндегі қауіпті қару-жарақтарды пайдалану мәселесі де бар. Мемлекет басшысы сондай-ақ жаһандық геосаяси парадигманың түбегейлі өзгеріп жатқанын, жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасып келе жатқанын атап өтті. Қазақстан да әлемдік қауымдастықтың ажырамас бөлігі ретінде уақыт талаптарына сай дайын болуы қажет.
«Менің басты миссиям – Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қатерлер мен өзгерістерге толы бұл күрделі кезеңде біз елдің тұрақтылығы мен мызғымастығын сақтауымыз қажет», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.