Шымкентте спорттық акробатикадан облыс құрамасы жасақталды. Екі күн бойында жүзден аса гимнастшы ептілігін сынға салды. Олардың арасында ең кішкентайының жасы — небәрі бесте. Бұл жарыс алдағы ел чемпионатына іріктеу болатын. Сол себепті де бапкерлер шәкірттерін қатал сынға алды. Рыскүл Жолдасбайдың акробатикаға келгеніне бір жыл ғана болыпты.
12 жасар гимнастшы екі рет жергілікті турнирде бағын сынап көрген. Енді осы жарыста жүлделі болсам деп армандайды. Оның үстіне өз тобында ол жалғыз қыз баласы. Жасы жағынан үлкен, тәжірибесі де жеткілікті.
Ал Михаил Новиковтың жасы сегізде. Оның да бұл залға келгеніне көп болмаған.
Спорттық акробатикадан жалауы көтерілген облыс бірінішлігіне жүзден аса гимнастшы жиналды. Олардың арасында 5 жастағы үміткерлер де болды.
Ел чемпионатына дейін әлі де болса уақыт бар. Алайда осындай жергілікті турнирлерде іріктеу жүргізіліп, команда жасақталады.
Екі күндік сынақтың қорытындысы бойынша 2002 жылы дүниеге келген қыздар арасында Гүлрух Асилова үздік танылды. Зұлайхо Асилова 10 жасар, ал Ділназ Асилова 7 жасар гимнастшылар арасында топты жарды. Сонымен бірге Зилола Асылова, Алина Маденқызы мен Ажар Толымбек те алтыннан алқа тақты.