Оңтүстіктің үздік гимнастшылары анықталды (фотореппортаж)

207
жарысқа қатысушылардың арасында бес жастағы гимнастшы да болды

Шымкентте спорттық акробатикадан облыс құрамасы жасақталды. Екі күн бойында жүзден аса гимнастшы ептілігін сынға салды. Олардың арасында ең кішкентайының жасы – небәрі бесте. Бұл жарыс алдағы ел чемпионатына іріктеу болатын. Сол себепті де бапкерлер шәкірттерін қатал сынға алды. Рыскүл Жолдасбайдың акробатикаға келгеніне бір жыл ғана болыпты.

Рыскүл Жолдыбай өз тобында сынға түскен жалғыз қыз болатын

12 жасар гимнастшы екі рет жергілікті турнирде бағын сынап көрген. Енді осы жарыста жүлделі болсам деп армандайды. Оның үстіне өз тобында ол жалғыз қыз баласы. Жасы жағынан үлкен, тәжірибесі де жеткілікті.

Михаил қарсыластарына қарағанда дене бітімі жағынан да, жасы жағынан да үлкен

Ал Михаил Новиковтың жасы сегізде. Оның да бұл залға келгеніне көп болмаған.

Спорттық акробатикадан жалауы көтерілген облыс бірінішлігіне жүзден аса гимнастшы жиналды. Олардың арасында 5 жастағы үміткерлер де болды.

Өз жас ерекшелігі бойынша бірнеше топқа бөлінген жеткіншектер екі күн бойында сынға түсті

Ел чемпионатына дейін әлі де болса уақыт бар. Алайда осындай жергілікті турнирлерде іріктеу жүргізіліп, команда жасақталады.

Сегіз жасар Михаил Новиковтың мақсаты – ел чемпионатына жолдама ұтып алу
Бүлдіршіндердің өнерін арнайы төрешілер алқасы бағалады
Ал бұл – 7 жасар Костя Вельницкий
Спорттық акробатиканың ең басты шарты – жолақ бойында техникалық дайындықты көрсету
Спорттың бұл түрінің талабы – биікке акробатикалық әдіспен секіру
Костя осылай секіруге бір маусым бойында жаттықты
Перзенті сынға түсіп жатқанда ата-аналары жанын шүбірекке түйіп отырды

жарысқа 

Екі күндік сынақтың қорытындысы бойынша  2002 жылы дүниеге келген қыздар арасында Гүлрух Асилова үздік танылды. Зұлайхо Асилова 10 жасар, ал Ділназ Асилова 7 жасар гимнастшылар арасында топты жарды. Сонымен бірге Зилола Асылова, Алина Маденқызы мен Ажар Толымбек те алтыннан алқа тақты.