Оңтүстіктің электршілері арнайы көліктерге ие болды

"Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС-нің жүргізушілері енді қызмет етуге сылтау жоқ дейді

«Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің электршілеріне жаңа көліктер берілді. Бұған дейін көптеген шақырылымдарға тозығы жеткен ескі көліктермен баратын олар енді жаңа темір тұлпарларды тізгіндегеніне қуанышты.

Самиддин Нұртаевтың «Оңтүстік Жарық» мекемесінде жүргізуші боп қызмет атқарғанына 20 жылдан асыпты. Кәсібінің қыры мен сырын жақсы меңгерген ол енді жаңа автокран көлігінің тізгініне отырды.

Темір тұлпарды тізгіндеген жүргізушілер қуанышты
22 жаңа көлік

Самиддин Нұртаев, жүргізуші: «Бізге жаңа көліктер беріліп жатыр. Қуаныштымыз. Бұрын ескі көліктер жарты жолда бұзылып, әбігерге түсіретін еді. Барған жерімізден қайта алмаған күндеріміз де болған.»

"Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС-нің жүргізушілері енді қызмет етуге сылтау жоқ дейді
Мамандар енді сапасыз жұмыс істеуге сылтау жоқ дейді

Бұл күні «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС қызметкерлеріне 22 арнайы автакөліктің кілті табысталды. Енді қызметті уақтылы әрі сапалы атқару үшін бұл көліктердің үлесі зор болмақ дейді мамандар.

 Самитдин Монтаев, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС өндірістік-техникалық қызметінің жетекші  инженері: «Тозығы жеткен көліктерді ауыстырдық. «Паз» автокраны  — 5,  УАЗ көлігі — 11, 2 экскаватор және 1 автовышка сатып алынды. Енді қарқынды түрде жұмыс жасаймыз.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=wzyxgMiGXN0[/youtube]

Айта өтейік, мекеме 300-ден астам арнайы техникамен жарақталған. Алайда, тілсіз техника кез келген сәтте істен шығуы мүмкін. Көліктің құрылғысын жамаған сайын оның көнеретіні белгілі. Жүргізушілер енді шақырылымдарға су жаңа көліктермен жылдам жететіне әрі жұмыстың сапалы болатынына сенімді.