20-қаңтар күні таңертең Шымкентке «Ордабасы» футбол командасы оралды. Виктор Пасулько бастаған бір топ ойыншыны Оңтүстіктің жанкүйерлері қарсы алды. Жерлестеріміз футболшылармен естелікке суретке түсіп, алдағы ел чемпионатынан үміт күтетіндерін жеткізді.
Есетеріңізде болса, ордабасылықтар алғашқы оқу-жаттығу жиынын Түркияның Белек қаласында өткізген болатын. Жерлестеріміз дайындық барысында төрт ойын өткізіп, «Аль Иттихад»-клубынан 1-6 есебімен жеңілсе, «Шанхай Шиньхуадан» басым түсті. Ал өзге екі командамен тең түсті. Клуб басшылығы бірқатар футболшылармен келісім-шартқа қол қойды.