Салт-дәстүрді сақтай білейік!

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=QEpITTCpsGI[/youtube]

Ата-баба дәстүрі дәріптелді. Шымкенттегі №87 мектептің ұжымы бірінші сынып оқушыларына тәрбиелік мәні зор тұсау кесер рәсімінен қойылым көрсетті. Оқушылар ұлттық асық ойынын ойнап, қыздар жағы бесікке салу рәсіміне куә болды. Сондай-ақ, шәкірттер ақын-жазушылардың өлеңдерін жатқа оқып, патриоттық әндер шырқады.

Балалар асық ойынын қуана ойнады
Балалар асық ойынын қуана ойнады

Ұстаздар атадан балаға мирас болып келе жатқан қолөнерлер бұйымдарын көрсетіп, олардың қайсысы қандай мақсатта қолданылатынын түсіндіре кетті. Осы орайда ұстаздар салт-дәстүр мен әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра екенін оқушыларға әрқашан үйретуден жалықпаймыз дейді.

Елге жақсы аты шыққан ширақ адамдар ғана баланың тұсауын кеседі
Нәрестенің тұсауын абыройлы, жасы үлкен адамдар кеседі

Шынар Ағайдарова, №87 мектептің бастауыш сынып мұғалімі: «Қазақта «Баланың ойынын тыйғаның — ойлауын тыйғаның» деген бар. Баланың ойлау қабілеті ойнау арқылы дамиды. «Кәнекей, балалар, асық ойнайық» десек, олар бар ынта-шынтасымен кірісіп кетеді. Баланы қызықтыру керек. Қазір балалардың көпшілігі бұл ойынды ұмытып бара жатыр. Бүгінгі сабағымыз жастарға Қазақта осындай ұлттық ойынның бар екенін үйрету болатын.»

Балалар ашық сабақты дәстүрлі киіммен өткізді
Балалар ашық сабақты дәстүрлі киіммен өткізді