Шенеуніктер мемлекеттік тілді жетік білмейді

405
Балқия Көмекбаева

Мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік тілге мұрын шүйіріп отыр. Өткен жылы қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау мақсатында ұйымдастырылған ҚАЗТЕСТ байқауына 1 жарым мыңға жуық мемлекеттік қызметкер қатысып, соның біреуі ғана жақсы нәтиже көрсеткен. Бұл туралы облыстық тілдерді дамыту басқармасының есеп беру жиынында мәлім болды.

Балқия Көмекбаева
Балқия Көмекбаева

Басқарма басшысы Балқия Көмекбаева биылғы жылы ҚАЗТЕСТ сынағын тапсыру «А» корпусының қызметкерлеріне де міндеттеліп отырғанын жеткізді. Алдағы уақытта барлық деңгейдегі қызметкерлер осы тестті тапсыратын болады. Сондықтан, мемлекеттік қызметкерлер тіл біліміне жіті көңіл аудармаса, қаймағы бұзылмаған қазақы өңірге сын болғалы отыр.

Балқия Көмекбаева, облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы: «Тестілеудің нәтижесіне қарасақ, өкінішке орай, 1419 қызметкердің ішінен біреуі ғана жоғары нәтиже көрсеткен. Биылдан бастан мемқызметкерлердің 20 пайызы, 2017 жылы 80 пайызы, 2020 жылы 95 пайыз сынақ тапсырады».