[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=7nQnxVZlHYI[/youtube]
Саны азайып, жойылып кетуге шақ қалған Пржевальский жылқыларының саны Шымкенттегі хайуанаттар бағында жыл санап көбейіп келеді. ХІХ ғасырда Николай Пржевальский суреттеп жазған соң Орта Азиялық жылқының осы түрі атақты саяхатшының атымен атала бастады. Ал Шымкентке бастапқыда бір жұп болып жеткізілген жылқы, жерсініп, жыл сайын төлдеп отырған екен. 1980 жылы зообақта алғашқы Стрела атты құлын дүниеге келген. Осы уақытқа дейін төлдерінің көбі басқа зообақтармен қажетті аңдармен ауыстырылып отырады. Қазіргі уақытта хайуанаттар бағында сол Стреладан тараған жылқының тоғызы жүр.
Пржевальски жылқысы 25-30 жыл өмір сүреді. Қазіргі таңда еркін табиғатта саны күрт азайып, Қызыл кітапқа енген жануар өзге жылқыларға қарағанда күшті және төзімді келеді. Туылғаннан кейін 1 -1,5 жылдан кейін анасынан бөлініп алынады. Мұнда оларға жем-шөбі, қажетті дәрумендер беріледі.
айуанаттар бағының қызметкерлері бұл жылқының екеуі наурыз, сәуір айларында төлдеп қалады деп отыр.